Халықаралық қатынастар факультеті

 

 

 

Факультет миссиясы: Халықаралық қатынастар факультетінің миссиясы – халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келетін сапалы және қолжетімді білім беру.


 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің тарихы Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуы мен құрылу кезеңдерінен басталады. Сол уақыттан бері факультет үшін маңызы зор және бай оқиғаларға толы кезең болды.

Қазіргі таңда факультет – жоғары білікті халықаралық қатынастар саласының мамандарын даярлауға зор үлес қосып келе жатқан ірі білім және ғылым орталығы. 1995 жылы факультетте 252 студент оқыса, қазір 1000 астам студент білім алуда. Халықаралық қатынастар факультеті заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, халықаралық қатынастар және сыртқы істер саясаты, халықаралық құқық және әлемдік экономика саласының кадрларын дайындайтын жетекші ұстахана деп айтуға толық хақымыз бар. Факультет оқытушылары халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және әлемдік экономика мәселелерінің өзекті тақырыптары бойынша жүзден астам монография, оқулықтар мен оқу құралдарын және мыңнан астам мақала, сондай-ақ шетелдерде жариялап, еңбектері аталған бағыттағы ғылым саласына зор үлес қосты. Факультеттің ғылыми және педагогикалық қызметі Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелдерде де құрметпен мойындалып және танымал болды.Осы жылдары факультет таяу және алыстағы шетелдік жетекші университеттермен әріптестік тығыз қарым-қатынастар орнатты.

Факультет түлектері Республиканың атқару және заң шығару органдарында, Парламент аппаратында, ҚР Үкіметі аппаратында, ҚР СІМ-де, шетелдегі ҚР өкілдіктерінде, халықаралық ұйымдарда табысты еңбек етіп, университеттің мақтанышына айналды. Олардың көпшілігі шетелдердің дипломатиялық өкілдіктерінде Республикамызды танытуда, іскер орта мен академиялық мекемелерде сұранысқа ие. Жоғары білім деңгейі және бай ғылыми-зерттеу дәстүрлері бізге зор сенім беріп, болашаққа үлкен үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

 Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор 

 Л.Ф. Деловарова