ҚазҰУ-да «Шеберлер ауылы» бой көтерді

19.03.2023

Көрулер: 2034

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күніне орай «Шеберлер ауылы» бой көтерді.

Мұндағы мақсат – Президент тапсырмасына сәйкес, Наурыз мейрамын мерекелеудің негізгі тұжырымын жаңа сипатта халыққа жеткізу.

Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды елдік мүддеге топтастыру, ортақ мәдени-рухани құндылықтарды құрметтеу және жалпыұлттық сананы қалыптастыру. Сондай-ақ зияткер жастарды еңбекке, қолөнерге, шығармашылыққа баулып, ұлттық мұраларды насихаттау.

Көрме ағаш бұйымдар, ұлттық аспап шеберлері, қыш-құмыра, әшекей бұйым зергерлері, ісмерлер мен тоқымашылар   қолынан шыққан сәндік-қолданбалары туындылармен ерекшеленді.

«Қаскелең» мәдениет колледжінің оқытушылары мен студенттері домбыра, қобыз, шертер аспаптары, қымыз кеселер мен астаулар, құрақ көрпе, кесте, сандық және басқа да тұрмыстық заттардың жасалуы бойынша шеберлік дәріс өткізді.

«ҚазҰУ Баспа үйі», «Зият», «Отбасы хрестоматиясы», баспалары жаңадан шыққан өнімдерін таныстырып, әдеби туындылардың да насихатталуына үлес қосты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі