Түркітану және алтайтануа ғылыми-зерттеу институты

Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институты 2022 жылдың қазан айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімімен құрылды.

 

Атқарушы директор – филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Жамалбекқызы Шаймерденова.

 

Түркітану және алтайтану ҒЗИ мақсаты  түркі халықтарының тарихи, мәдени, тілдік және рухани мұрасына іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу, сондай-ақ ғылыми және инновациялық әдістерді интеграциялау, түркі халықтарының лингвистикасы, әдебиеті, мәдениеті, тарихы, археологиясы, этнографиясы саласындағы ғылыми білімді игерудің халықаралық тәжірибесіне талдау жасау. Бұл туыстас тілдер мен мәдениеттердің ортақ құндылықтарын, әлемдік кеңістегі түркілік этно-тілдік ландшафтың орнын анықтауға мүмкіндік береді. 

 

Түркітану және алтайтану ҒЗИ негізгі міндеттері: 

-   отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен түркітану және алтайтану бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

-   қазіргі түркітану мен алтайтанудың теориясы мен әдіснамасын әзірлеу;

-   қазақ және т.б.тілдерде ғылыми еңбектерді басып шығару;

-   түркітану және алтайтану бойынша зерттеулердің деректер базасын жасау, түркітанушы ғалымдардың дербес электронды ресурстарын құру; 

-   түркі халықтарының этнолингвистикалық әрекеттестігі мен әлеуметтік-мәдени даму проблемалары бойынша диахрондық және синхрондық ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде халықаралық форумдар өткізу.

 

Мекен-жайы: 050000, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71/27, 4 қабат, 411 каб.

Телефон: +7 (727) 377 3330 (вн. 3137)

E-mail: turkology.ri@gmail.com