Марат ЖҮНІСБЕКОВ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешені «Әл-Фараби» фотостудиясының меңгерушісі (2014 жылдан).

2000-2014 жж. «Дәуір», «Иман», «Ислам және Өркениет» журналдарының, 2004 ж. «Закон и правосудия» газетінің фототілшісі болып қызмет атқарған.

Сауд Арабиясының «Үздік өнер иесі» фотоөнер медалі (2007 ж.); Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Құрмет грамотасын» иеленген (2019 ж.).

2017 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының фототілшілер байқауына қатысып, әлемдік фотоөнер шеберлерінің ең үздіктері қатарына еніп, «ЮНЕСКО-ның фотографы» куәлігі мен төсбелгісі тапсырылды.