Әлия ҚАБИҚОЖАЕВА

«Степи родины моей»

«Қызғалдақтар уақыты»

«Қош келдің көктем»

«Материнство»

«Кездесу»

Байланыс нөмірі: 8-7078333483

Әлия Қабиқожаева 1990 жылдың 12 наурызында Жамбыл облысының Отар ауылында дүниеге келген. Ол Кенен Әзірбаев атындағы орта мектепті бітірген. 2014 жылдан бастап шығармашылықпен айналысады. 2016 жылы Орал Таңсықбаев атындағы Алматы колледжіне оқуға түсті. Қазақстан жас суретшілер одағының мүшесі. 2015 жылдан бері республикалық, бүкілодақтық, халықаралық көрмелерге белсенді қатысып келеді.

Ә.Қабиқожаеваның туындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің көркемдік жинақтарына енгізілген. Сондай-ақ отандық және шетелдік коллекционерлердің жеке коллекцияларында сақталған. Оның көптеген жұмыстары қайырымдылық шараларына қатысты. Туындыларынан қазақ халқы тарихының құнды да бай мұрасын, отбасылық құндылықтарын көруге болады. Шығармаларынан халық өнеріне деген ерекше сүйіспеншілік байқалады. Суретшінің туындылары түстердің ашықтығымен, жазу мәнерімен ерекшеленеді. Шығармашылық жолында 300-ден астам туынды жасаған.