Алмас НҰРҒОЖАЕВ

«Жүктеу»

«Тартылыс»

«Цифровизация»

Байланыс нөмірі: 8-7072020529

1988 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 2007 жылы О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін бітірген. 2012 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (Ж.Қайрамбаев, Ұ.Жұбаниязов шеберханасы) тамамдаған. 2017 жылы осы академиядан «Станокты кескіндеме» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2014 жылдан бері О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде сабақ береді.

«Күміс кілт» марапаттарының лауреаты (2020 ж. Солтүстік Кипр, Никосия).

ТМД-ға мүше мемлекеттер Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесінің «Дебюттер достастығы» атты халықаралық сыйлығының лауреаты (2021 ж.).

«IZDER-3» шығармашылық тобының көрмесіне қатысты (2019 ж.).

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «DEBUT» атты жеке көрмесі өтті. Таяу Шығыс университеті жанындағы Кипр заманауи өнер музейінің ұйымдастыруымен өткен симпозиумының қатысушысы (2020 ж. Солтүстік Кипр, Никосия). Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Өткел» атты жеке көрмесі өтті (Алматы).