Ахмет АХАТ

«Наскальный рисунок»

«Влюбленные»

«Тюбетейка»

Байланыс нөмірі: 8-7473000687

1954 жылы 4 сәуірде Шыңжаңның Құлжа қаласында дүниеге келген. 1960 жылдан Алматы қаласында тұрып, жұмыс істейді. 1974 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. 1990 жылы Ұйғыртану институтының аспирантурасын аяқтады.

Ахмет Ахат кескіндемесінің негізгі мазмұны – «Тамғалы» петроглифтерінің сюжеттері мен бейне-көріністері. Бұл тақырыпта суретшіні ерекше көркемдік пластика, қысқа және өткір экспрессивтілік қызықтырады.

Автор үшін бұл бейнелер несімен тартымды? Қазақстандық өнертанушы Камилла Лидің жазуынша, «әр адамның өмірінде бірге жүретін аруақтардың бір түрі – «ата-баба рухы» екен. Тағы бір қайталанатын оқиға – Шығыс Түркістан қалалары, олардың кірпіш үйлері, есігі тар қабырғалары, қаңырап бос қалған көшелері.

Суретші кескіндемеден басқа, гобелен техникасында және көркем шығыс керамика жанрында осы тақырыптарды дамытады. Суретші Ахмет Ахаттың туындылары халықаралық Christie's аукционына, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Шығыс өнері мұражайында (Мәскеу) және тағы басқа мәдени ошақтарға қойылған.