Руслан АҚАНАЕВ

«Қызғалдақтар», триптих

Байланыс нөмірі: 8-7777997925

1968 жылы 14 сәуірде Алматы қаласында туған.

Әкесі – Ақанаев Амандос Әтібекұлы, кескіндемеші. Анасы – Бубэ Нелли Витальевна, кескіндемеші. Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің безендірушілік факультетін бітірген, кескіндемеші.

Руслан Ақанаев  бейнелеу өнерінің кескіндемеграфикамүсін, фотоарт түрлерімен шұғылданады.

1989 жылдан суретші-безендіруші кәсібін меңгерген.

Жұмыстары «Шығыстық галерея» (Мәскеу қаласы), «Алыс әлемдер» (Вашингтон қаласы), «Has Sanat» (Астана қаласы), «Трибуна» (Алматы қаласы) галереяларында қойылған. Шығармалары ҚР Президентінің (2005), РесейГермания, ФранцияАмерикаКанадаҚазақстанЛихтенштейн, Швейцарияның жеке коллекцияларында сақтаулы. «АРТ-МИФ» (Мәскеу қаласы), «Ел жастары» (Мәскеу қаласы) көрмелеріне қатысқан. Мәскеу, Эрфурт, Вашингтон, Астана, Алматы қалаларында жеке көрмелер өткізген.

Қазақстан суретшілер одағының мүшесі.

Мақтау қағаздарымен, дипломдармен, «Орта және кіші қашықтықтағы зымырандарды жоюға қатысушы» медалімен марапатталған.