Бейсебек АҚАНАЕВ

''Встреча в урочище предков''

''Модель гейша''

''Из сакских курганов''

''Вечерний запах яблок''

Байланыс нөмірі: 8-7082563510

1954 жылы 10 наурызда Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылында дүниеге келген.

Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. «Жалын» баспасында көркемдік редактор болып жұмыс істеді.  «Жазушы» баспасында редакцияның көркемдік жетекшісі болды, одан кейін бас суретші қызметіне ауысты. Ұзақ жылдар бойы «Өнер», «Мектеп» «Просвещениец Казахстана» баспасының бас суретшісі қызметін атқарған.

Халықаралық, бүкілодақтық, республикалық кітап көрмелерінің қатысушысы.

Дипломдармен және сертификаттармен марапатталған. Тоқырау жылдары кітап баспаларының күйреуі салдарынан шығармашылықпен еркін айналысты. Бұрынғыдай кескіндеме және графика бойынша бірлескен көрмелерге қатысты, бірқатар жеке көрмелерін өткізді.

Лейпциг қаласында өткен халықаралық жәрмеңкеде «Батыл есек» ертегісін шебер көркемдегені үшін арнайы дипломмен марапатталды. 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Алматы мен Астанада бірнеше рет жеке, бірлескен көрмелер өткізген.