Нэлли БУБЭ

«Үйлену тойы»

«Силуэт» (күйеу жігіт)

«Силуэт» (қалыңдық)

Байланыс нөмірі: 8-7016399949

1949 жылы Қарағанды ​​қаласында дүниеге келген.

1969 жылы Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірді, одан кейін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тамамдаған.

Ұзақ жылдар баспа саласында жұмыс істеді. Халықаралық кітап көрмелеріне қатысты. Суретші балалар кітаптарын иллюстрациялау бойынша көп еңбек сіңірді. Туындылары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында және Алматыдағы жеке галереяларда қойылған. Алматыда тұрады.

Нэлли Бубэ шығармашылығының басты тақырыбы – көшпенділер өмірі мен мәдениеті, Қазақстанның қолданбалы өнері мен петроглифтері. Орталық Азияның қалалары мен сәулет ескерткіштері жөнінде шығарма жазады.

Көшпелілер мәдениетіне арналған ең ауқымды жұмыстарының бірі – «Ежелгі сауда жолдарының бойында» кітабы бойынша түсірілген «Ұлы Жібек жолы» панорамалық картинасы.

Сурет Жібек жолын Еуразияның жекелеген мәдени аймақтары (Қытай, Үндістан, Орталық Азия және Рим империясы) арасындағы дипломатиялық күретамыр ретінде бейбітшілік, халықтар арасындағы ынтымақтастық, мәдени және рухани құндылықтардың алмасу жолын баяндайды.