УМО РУМС

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы оқу-әдістемелік бірлестік:

 

1) 022 «Гуманитарлық ғылымдар»

2) 023 «Тілдер және әдебиет»

3) 031 «Әлеуметтік ғылымдар»

4) 041 «Бизнес және басқару»

5) 051 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар»

6) 052 «Қоршаған орта»

7) 053 «Физикалық және химиялық ғылымдар»

8) 054 «Математика және статистика»

9) 071 «Инженерия және инженерлік іс»

 

1. Оқу-әдістемелік бірлестік (бұдан әрі – ОӘБ) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 12 қазанындағы № 562 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің және кадрлар даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің қызметі туралы Ережеге сәйкес жұмыс істейтін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі консультативтік-кеңесші орган.
               

2. ОӘБ қызметіне басшылықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі – РОӘК) жүзеге асырады.

3. ОӘБ құрамына төраға (басқарма төрағасы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ ректоры), оның орынбасары (Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор), ғалым хатшы, тиісті бағыт бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері, жұмыс берушілердің, жұмыс берушілер қауымдастықтарының, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және өзге де мүдделі органдардың өкілдері, педагогикалық және ғылыми қызметкерлер кіреді.

4. ОӘБ жанында кадрларды даярлау бейіндері бойынша секциялар құрылған, оларды ОӘБ ұсынуы бойынша РОӘК бекітеді.

5. ОӘБ қызметінің пәніне мыналар жатады:

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілер, аккредиттеу агенттіктері мен өзге де ұйымдар өкілдерінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сапасын қамтамасыз етудің сыртқы және ішкі жүйелерін жетілдіру мақсатында өзара іс-қимылын жүзеге асыру;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының классификаторын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау;

- ұлттық біліктілік шеңберіне, салалық біліктілік шеңберлеріне және кәсіптік стандарттарға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту нәтижелерін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау;

- кадрларды даярлауға жетекшілік ететін бағыттардың профессорлық-оқытушылық құраммен, әдебиетпен, электрондық деректер базасымен және басқа да қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу;

- жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімі бар жетекшілік ететін бағыттар бойынша оқулықтарға, оқу құралдарына, тест тапсырмаларына, әртүрлі деңгейдегі оқу басылымдарына сараптама жүргізу, рецензиялау;

- Ұлттық бірыңғай тестілеудің, жоғары білім беру ұйымдарына түсу кезінде кадрлар даярлау бағыттары бойынша талапкерлерді кешенді тестілеудің бейіндік пәндерін, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдары білім алушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау пәндерін айқындау бойынша ұсыныстар қалыптастыру;

- инновациялық білім беру технологияларын енгізу және көптілді білім беруді, дуальды оқыту жүйесін енгізу бойынша озық тәжірибені тарату бойынша ұсыныстар дайындау;

- білім беру қызметтерін тұтынушы ретінде жұмыс берушінің үміттері мен талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

- білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйелерін құру бойынша ұсынымдық сипаттағы әдіснамаларды әзірлеу мақсатында әлемдік практикаға, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарына талдау жүргізу және қорыту.

6. ОӘБ:

- РОӘК-ке жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

- жетекшілік ететін кадрларды даярлау бағыттарының білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан ОӘБ-ға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысын жетілдіру мақсатында зерделеу және ұсыныстар әзірлеу үшін, сондай-ақ оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер үшін жұмыс топтарын құруға;

- оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік конференцияларды, семинарлар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға қатысуға құқылы.

7. ОӘБ:

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарын бұзуға;

- өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамауға;

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің қызметі туралы ереженің 26-тармағында көзделмеген ОӘБ қызметінің талаптарын өзге де бұзушылықтарға жауапты.

 

ОӘБ ғалым хатшысы: ф.ғ.д., профессор Сырғақбаева Ақмарал Сәлімжанқызы

Қызметкерлер: Телғараева Лаура Бердіғұлқызы

Карканова Айгуль Жолдыбайқызы

 

Контакты: +7 (727) 377-33-30 (ішкі: 11-52), e-mail: umokaznu@gmail.com