Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына конкурс жариялайды

13.02.2023 ж.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі ғылыми-инновациялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі – проректор бос лауазымына конкурс жариялайды.  

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – QS WUR жаһандық рейтингінде әлемнің үздік университеттерінің Топ-150-іне кірген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны, сондай-ақ QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде «Бес жұлдызға» ие болған Орталық Азия өңіріндегі бірінші және жалғыз жоғары оқу орны. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметінің мақсаты сапалы білім алуға, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған оқыту және сабақ беруге қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірленімдерді коммерцияландыру болып табылады.

  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе ЖОО-дан кейінгі білім, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшылық қызметтерде кемінде бес жыл еңбек өтілі.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар: 

1) жиырма бес жасқа толмағандар;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандар;

3) өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;

4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұратындар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайлар.

     Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады: 

1) бекітілген үлгідегі өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының бекітілген үлгідегі 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретімен қоса, қызмет тізімі;

4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы;

5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулығы туралы №075/е үлгі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтама;

8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес, қызметке орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

 

       Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. 

     Құжаттар 2023 жылдың 13 ақпанынан бастап 4 наурызына дейін (қоса алғанда) қабылданады. 

     Конкурсты өткізу басшы позицияларға, оның ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде кандидаттарды іріктеу саласында кемінде бес жыл тәжірибесі бар рекрутингтік компанияны тарта отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Рекрутингтік компания Директорлар кеңесі бекіткен кандидаттарға қойылатын талаптарды басшылыққа алуы тиіс. Рекрутингтік компания үміткерлердің өтінімдерін Директорлар кеңесінің отырысында қарау үшін қабылдамауға құқығы жоқ.

       Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысына ұсыну қажет. Мекенжайы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. Ректорат ғимараты, каб. 13-09, телефон: +7701-801-86-88.

 

       Басқарма мүшелерін іріктеу бойынша кандидаттарға қойылатын қосымша талаптар 

  

Құзыреттер:  

– стратегиялық және аналитикалық ойлау;  

– трансформациялық көшбасшылық;  

– өзгерістерді басқару;  

– креативтілік және кешенді міндеттерді шешу;  

– өзара тиімді серіктестік құру;  

– нәтижеге бағдарлану.  

 

1. Ғылыми-инновациялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі – проректор  

 

Құрметті ізденуші!

       Қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет! Сіздерді конкурсқа қатысуға шақырамыз және ғылым мен білімнің дамуына қосқан бірлескен үлесімізге үміттенеміз. Университеттің миссиясы мен құндылықтарын бөлісетін білікті басшылар мен қызметкерлер табысқа жетудің кілті деп санаймыз.

 

Порядок отбора и назначения.pdf

Послужной список.docx

Заявление.docx