KazNU TOEFL Center

2020 ж . сәуір айынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Educational Testing Service (ETS) Global-дың ресми аккредиттелген серіктесі болды. Ағылшын тілінен TOEFL ITP халықаралық емтиханын дайындау және қабылдау бойынша KazNU TOEFL Center құрылды.

1947 жылы құрылған ETS Global әлемдегі ең ірі жеке коммерциялық емес білім беру тестілеу және бағалау ұйымы болып табылады. Жыл сайын ЕТЅ Global TOEFL® және TOEIC® тестілерін, GRE® жалпы және пәндік тестілерін, сондай-ақ Praxis® тестілерін қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша 180-нен астам елде, 9000-нан астам жерде 50 миллионнан астам тест әзірлейді, өткізеді және бағалайды.

KazNU TOEFL Center мақсаты барлық ниет білдірушілерге алыс шетел ЖОО-да әрі қарай оқу үшін, TOEFL ITP және iBT форматындағы халықаралық тестілеуден өту арқылы ағылшын тіліндегі халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу үшін, шетел тілі ретінде ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін өзінің ағылшын тілі деңгейін ресми растау мүмкіндігін беру болып табылады.

Орталық студенттерді, магистранттарды, оқытушыларды осы емтихандарды тапсыруға дайындау курстарын өткізеді. TOEFL ITP және iBT шын мәнінде өте күрделі емтихандар екенін есте ұстаған жөн.

Upper Intermediate деңгейіне жеткенде жоғары балл алуға болады. Дайындықтың ұзақтығы үміткерлердің жеке қабілеттеріне байланысты болады.

TOEFL ITP тесті 3 бөліктен тұрады:

Listening Comprehension-колледждер мен университеттерде пайдаланылатын ауызекі ағылшын тілін түсіну қабілетін бағалайды

Structure and Written expression-стандартты жазбаша ағылшын тілінде құрылымдық және грамматикалық құрылымдарды тану қабілетін бағалайды

Reading Comprehension-шынайы академиялық материалдарды түсіну қабілетін бағалайды.

Орталықтың міндеттері:

  •  ETS (Educational Testing Service) тестін жасаушы компаниямен келісім шеңберінде TOEFL ITP форматындағы тест дайындау және өткізу;
  •  тестілеуді өткізу үшін сертификатталған компьютерлік сыныптың техникалық дайындығын қамтамасыз ету;
  •  тестілеуді басқару;
  •  барлық мүдделі тұлғаларды орталық және TOEFL тесті туралы хабардар ету.

Директоры: Мулдагалиева А.А., техника ғылымдарының кандидаты, шетел тілдері кафедрасының доценті.

Байланыс телефоны: +7 707 480 91 66, Жиреншина Кульшат Ауганбаевна