Бос жұмыс орындары

 

10 сәуір 2024 жыл

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!!!

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті"

бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

2024-2025 оқу жылына факультеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы мен басшылық құрамы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны Сізді конкурсқа қатысуға және білім мен ғылымның сапасын одан әрі арттыруға бағытталған академиялық қоғамдастыққа қосылуға шақырады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) өтініш

2) жеке парақ және / немесе түйіндеме;

3) білімі, дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4) оқу пәні және /немесе білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымына үміткерлер үшін). Презентация көлемі 10 слайдтан аспайтын электронды түрде ұсынылады;

5) Даму Бағдарламасының жобасы (кафедра меңгерушісінің, деканның және декан орынбасарының бос лауазымдарына үміткерлер үшін). Презентация көлемі 5 слайдтан аспайтын электронды түрде ұсынылады;

6)ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 3 жыл ішінде);

7) № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама;

8) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (сотталмағандығы туралы анықтама);

9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (басшы лауазымдар үшін);

10) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ кандидат біліміне, кәсіби деңгейіне және т. б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.

Университет сайтында www.kaznu.kz ("Бос жұмыс орындары" бөлімінде) Сіз университеттің әр факультеті бойынша бос жұмыс орындарының тізімімен таныса аласыз.

Егер Сіз конкурсқа қатысуға мүдделі болсаңыз, құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн (қоса алғанда) ішінде жолдауды сұраймыз.

Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.

Құжаттар Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ, Ректорат, Адам ресурстарын дамыту департаменті (703,704 каб) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол қабылданады және электронды түрде ( hr.ok@kaznu.edu.kz)

Анықтама телефондары: 8 (727) 377 35 35, 377 33 30 (вн. 11-71, 14-71, 14-74, 14-73, 14-76, 14-78), факс - 377 33 44.

 

 

 

ӨТІНІШ.docx

 

Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!

Құрметпен,

Адам ресурстарын дамыту департаменті