Ғылыми тағылымдама өту үшін қажет құжаттар (магистранттар мен докторанттарға)
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін шетелге іссапарға құжаттарды рәсімдеу (PhD-докторанттар үшін)
- Шетелге тағылымдамаға жіберу туралы Ректордың атына жазылған білім алушының өтініші (баспа түрінде жазылады); Өтініш шаблоны докторантура.docx
- Мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған және сапардың мерзімі мен мақсаты көрсетілген шақыртудың көшірмесі, егер шақырту орыс тілінде болса, факультеттің мөрі және деканының қолы болу қажет;
- Тағылымдама бағдарламасы және әр апталық тағылымдама жоспары 2022 ж. бастап түскендер Тағылымдама жоспары жән апталық жоспар шаблоны.doc
- Білім алушының іссапарға шығуына рұқсат беру туралы кафедра отырысының хаттамасынан үзіндісі;
- Факультеттің/институттың Ғылыми кеңесі отырысының білім алушының шығуына рұқсат беру туралы хаттамасынан үзіндісі;
- Іссапар шығындарының сметасы Шаблон смета.docx
- Шет тілін меңгергені туралы сертификат: 2022 ж. бастап түскендер
* TOEFL ITP-кемінде 163
* TOEFL IBT-кемінде 60
* TOEFL PBT-кемінде 498
* TOEFL IBT-кемінде 65
* IELTS-кемінде 6.0
* неміс: DSH-C1 деңгейі, TestDaF-Prufung-C1 деңгейі
* * француз тілі: Test de Français International-B1 деңгейінен төмен емес оқу және тыңдау, DELF-B2 деңгейі, DALF-C1 деңгейі, TCF-кемінде 50 балл
Ғылыми тағылымдамадан оралғаннан кейін:
- Тағылымдама аяқталғаннан кейін 3-7 күн аралығында қаржы бөліміне есеп тапсыруыңыз қажет (Керемет, 109 к.)
- Есепті қаржы бөліміне тапсырғаннан кейін, тағылымдамадан келу туралы өтініш жазып, атқарылған жұмыс туралы есепті, сертификат немесе ғылыми жетекшінің пікірін өткізу қажет Өтініш шаблоны.docx
- Ғылыми тағылымдама нәтижелері туралы есеп кафедраның/ҒЗИ-нің жақын отырысында ұсынылуы керек.
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін шетелге іссапарға құжаттарды рәсімдеу (Магистранттар үшін)
- Өтініш Өтініш шаблоны магистратура.docx
- Шетелге іссапарға жіберу туралы Ректордың атына жазылған білім алушының өтініші (баспа түрінде жазылады);
- Мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған және сапардың мерзімі мен мақсаты көрсетілген шақыртудың көшірмесі, егер шақырту орыс тілінде болса, факультеттің мөрі және деканының қолы болу қажет;
- Білім алушының іссапарға шығуына рұқсат беру туралы кафедра отырысының хаттамасынан үзіндісі;
- Факультеттің/институттың Ғылыми кеңесі отырысының білім алушының шығуына рұқсат беру туралы хаттамасынан үзіндісі;
- Іссапар шығындарының сметасы
Академиялық ұтқырлық және магистратура туралы ережеге сәйкес магистранттарға қойылатын талаптар:
- Магистрлік диссертация/жоба тақырыбының ұйымның құрылымдық бөлімшесі – ғылыми тағылымдама базасының зерттеу бағытына сәйкестігі
- GPA 3.75-тен төмен емес
- Ғылыми жетістіктердің болуы: 1) ғылыми журналдарда, мүмкіндігінше ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда, сондай-ақ Scopus және/немесе Web of Science дерекқорларында индекстеліп рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар; 2) ҚР БҒМ МҚ/МҚБ жобаларында орындаушы ретінде қатысу; 3) СБИ конкурстарынан, СҒЗЖ республикалық конкурстарынан жүлделі орындар, грамота мен дипломдардардың болуы;
- Шет тілін меңгергені туралы сертификат (TOEFL, ағылшын тіліне арналған IELTS немесе басқа шет тілдеріне баламалы сертификаттар, шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыретінің B2 деңгейінен төмен емес (CEFR) (сертификаттардың тізмі осы Ереженің 1-қосымшасында келтірілген);
- Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу.
Шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптар:
- Ұйым QS WUR немесе the WUR немесе ARWU үздік 500 халықаралық рейтингіне кіруі тиіс; немесе QS, Times Higher Education, ARWU (егер ғылыми тағылымдаманың негізі университет болса) үздік 200 пәндік рейтингіне кіруі тиіс;
- Егер ғылыми тағылымдаманың базасы университеттің құрылымдық бөлімшесіне кірмей ғылыми орталық/институт болған жағдайда, Scopus және/немесе Web of Science дерекқорларында индекстелетін журналдарда магистранттарды даярлау бағыты бойынша ұйым қызметкерлерінің кемінде 20 жарияланымының болуы;
- Scopus және/немесе Web of Science дерекқорларында 1 және 2 квартильдердің (Q1, Q2) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарында зерттеу нәтижелерін жариялайтын магистранттың диссертациясы тақырыбы бойынша зерттеу тобының болуы.
Қазақстандық ұйымдарға қойылатын талаптар:
- Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын ұйымдарға: "Назарбаев Университеті" ДББҰ, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, ғылыми зертханалар, магистранттың зерттеу тақырыбы бойынша зерттеу тобы және қажетті ғылыми инфрақұрылымы, ұйымдық-құқықтық мәртебесі бар ұлттық университеттер, сондай-ақ магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына сәйкес келетін өзге де ұйымдар жатады.
Ғылыми тағылымдамадан оралғаннан кейін:
- Тағылымдама аяқталғаннан кейін 3-7 күн аралығында қаржы бөліміне есеп тапсыруыңыз қажет (Керемет, 109 к.)