Корпоративтік оқиғалар

15.09.2021

Директорлар кеңесінің 15.09.2021 ж. шешіміне (№5 хаттама) сәйкес "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ" КЕАҚ корпоративтік хатшысының міндетін уақытша атқарушы Әйгерім Қайратқызы Жунусоваға жүктелді.

 

15.09.2021

Директорлар кеңесінің 15.09.2021 ж. шешіміне (№5 хаттама) сәйкес корпоративтік хатшы Әйгерім Нұрболқызы Блембаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

 

21.06.2021

Директорлар кеңесінің 16.06.2021 жылғы шешіміне сәйкес (№4 Хаттама) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшелері лауазымдарына (Ғылыми-инновациялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі – проректор; Операциялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі – проректор;Әлеуметтік даму бойынша Басқарма мүшесі – проректор; Қаржы қызметі бойынша Басқарма мүшесі – проректор) конкурс жарияланды.

 

10.02.2021

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Қоғамның 100% акцияларына иелік ететін және пайдаланатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 10.02.2021 жылғы №16-ЖҚ «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен Басқарма Төрағасы – ректоры болып, құжаттарға бірінші қол қою құқығымен Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы тағайындалды.

 

19.01.2020

Директорлар кеңесінің 14.01.2021 жылғы шешіміне сәйкес (№1 Хаттама) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – ректор лауазымына конкурс жарияланды.

 

14.01.2021

Директорлар кеңесінің 14.01.2021 жылғы шешімімен (№1 Хаттама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

 

14.01.2021

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 14.01.2021 жылғы шешімімен (№1 Хаттама) Блембаева Айгерім Нұрболқызы Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысы болып тағайындалды. 

 

26.10.2020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 11 қазандағы №752 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ҚМЖК) төрағасының «Коммерциялық емес акционерлік қоғам құру туралы» 2020 жылғы 25 тамыздағы №512 бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 26 қазанында  «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналу арқылы қайта құруды аяқтады.

 

29.12.2020

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Қоғамның 100% акцияларына иелік ететін және пайдаланатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған шешімі туралы хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №556 бұйрығымен «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы анықталды. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі мүшелерінің саны 11 (он бір).

Директорлар кеңесінің мүшелері:

  1. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі;
  2. Алшанов Рахман Алшанұлы – Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті;
  3. Ташенев Бахытбек Хакимұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;
  4. Закарья Кунсулу Дальтоновна – Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры;
  5. Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы –  «Астана Групп» холдингінің президенті, тәуелсіз директор;
  6. Байтасов Арманжан Мерекеұлы – «United Media Group» компаниясының жетекшісі, тәуелсіз директор;
  7. Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы –  Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
  8. Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының президенті;
  9. Татишев Еркин Нурельдаемович – «High Tech Academy» жеке мектебінің негізін қалаушы, тәуелсіз директор;

10. Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы;

11. Шакаева Гаухар Серікқалиқызы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры.