Арт орталығы

 

 ҚазҰУ-дың АРТ-орталығы – бұл студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытатын, бос уақытын тиімді өткізетін мәдени орта.

Орталықтың мақсаты: студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру; университеттің мәдени ортасының сапасын жақсарту; жас креативті студенттердің бастамасын қолдау; әр-түрлі денгейде өтетін іс-шараларды ұйымдастыру.

  • Түрлі жанр мен бағыттағы 10 жалпыуниверситеттік студенттер үйірмелері:
  1.  «Фараби сазы» ұлт-аспаптар оркестрі 1997 жылы қыркүйек айында құрылған. Оркестр   құрамында 120-ға жуық мүшесі бар. Оркестрдің репертуарында қазақ елінің классикалық және қазіргі сазгерлердің күйлері мен шығармалары, халық әндері бар. Оркестр ұжымы ЖОО арасында оркестрлер сайысы бойынша өтетін фестиваль мен конкурстарының бірнеше бас жүлдегері атанған.  
  2.  «Бахыт» студенттік шоу балеті 2003 жылы құрылды. Қазіргі таңда ансамбльдің құрамы университеттің барлық факультеттерінен жиналған 150-ден аса студенттен тұрады. Көркемдік жетекшісі - Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, «Қазақ биі» байқауның лауреаты, Италия, Франция, Израиль, Испания және Лондонда өткен халықаралық байқауларының лауреаты - Галя Асанғазықызы Есмұханбетова. «Бахыт» би ансамблі Дельфий ойындары мен «Жас толқын» республикалық байқауының бас жүлдегері. Шоу балет студент жастардың арасында кеңінен танымал. Шоу балеттің ұжымы қалалық, республикалық және халықаралық мерекелік іс-шараларының белсенді қатысушылары. Ұжым репертуарында әлем халықтарының билері мен классикалық және заманауй композициялары бар.  
  3. Домбыра және қобыз үйірмесі осы музыкалық аспаптарында ойнау шеберлігінің қыр-сырын, туған даланың күйін тамылжыта орындауды үйретеді. Үйірмеде 80-тан астам домбырашы, 20 қобызшы бар. Ең таланты және дарынды студенттердің репертуарында 20-ға жуық халық және Қазақстан композиторларының күйлері мен шығармалары бар, олардың жеке немесе ансамбль құрамында шебер ойнаулары көрермендердің ерекше қошеметіне бөленуде.
  4. Эстрада және вокал үйірмелері - студенттер арасында ең сүйіктісі болып саналады. Үйірме құрамында 130-ға жуық студенттер бар. Үйірме қатысушылары өнерлерін шыңдау арқылы тек ән айтуға ғана емес, сондай-ақ кәсіби сахналық мәдениетке үйренуде. Студенттер сарайының киелі сахнасы көптеген студенттерге бастапқы алаңы болып саналады. Замандастарының, жетекші ұлттық университеттің студенттірінің көңілін табу – бұл оңай емтихан емес. Үйірмеде қазіргі заманғы үлгідегі әндер, ретро және қазақтын халық әндері қамтылған.
  5. «БІЗ» студенттік театры университеттік театр өнерінің дәстүрін жалғастыруда. Студенттік ұжым көрермендерге “Адаспаңдар!”, «Бағдаршам», «Той», «Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр», «Ол көктем енді оралмайды», «Миллион раушан гүл» атты қойылымдар ұсынды. Театрдың ең басты мақсаты – ол талантты жастарды табу және актерлік шеберлігін шыңдау.
  6. Көңілді тапқырлар клубы – жоғары оқу орнының айрықша өнер жолдамасы. 25-тен аса факультет командалары жыл сайын университеттің КТК Лигасы ойындарына қатысады. Бұл – ҚазҰУ КТК құрама командасы үшін ең үздіктерді іріктейтін таланттар шеберханасы.
  7. «Жас ақындар» үйірмесі университетімізді республикаға танытуда зор үлес қосып келе жатқан үйірмелердің бірі. Студенттер қазақтың айтыс өнерін, ұлттың қолтаңбасын, өмірдің стилін меңгереді. Осы жанрдың белгілі шеберлері – М.Тазабеков, Д. Кәпұлы, С. Қалиев, А. Сейтханов, Б. Имашев, С. Дүйсенғазин, Б. Халиолла, О. Досбосынов, Т. Арынғали университетіміздің түлектері болып табылады.
  8. Хор үйірмесі. Үйірмеге университет студенттері қатысады. Хор үйірмесінің репертуары: студенттік гимн «Gaudeamus»; Н.Назарбаевтың сөздеріне жазылған, Б.Тілеухановтың әндері – «Елім менің», «Жерім менің»; Б.Байқадамовтың «Би күйі», «Су тасушы қыз» шығармалары; М.Мақатаевтың сөзіне жазылған, Н.Тілендиевтің әні «Саржайлау»; М.Шахановтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың әні «Арыс жағасында»; Ирвинг Берменнің әні «Dutlin ok The Ritz» т.б. көптеген шығармалар бар.

 

  • 16 факультеттік шығармашылық ұжым;
  • 500-ден аса концерттік нөмірлері бар репертуар;
  • жылына 100-ге жуық іс-шара мен акциялар;
  • жыл сайынғы қалалық және республикалық деңгейдегі студенттік фестивальдер лауреаттарының мекені.
  • Студенттер клубында арнайы көркемөнерпаздарға арналып тігілген сахналық костюмдер, қажетті музыкалық аспап түрінің бәрі, би залы мен кәсіби дыбыс жазу студиясы бар. Үйірме жетекшілері арнайы жоғары музыкалық білімі бар кәсіби мамандар.
  • Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында, АРТ орталығының басшылығымен жыл сайын «1-курс таланттары», «Студенттік көктем», «Ана тілі аруы - Жігіт сұлтаны», «ҚазҰУ аруы», т.б. байқаулар мен фестивальдер, студенттік халықаралық форумдар т.б. өткізіледі.
  • АРТ орталық университетте өтетін «Студенттер қатарына қабылдау салтанаты», «Хош келдің, әз-Наурыз!» атты ең ауқымды мәдени іс-шараларының ұйымдастырушысы.

     АРТ-орталығының жетекшісі – Сартбай Жанар Үшкемпірқызы (+7707562-8504). МЕКЕН-ЖАЙМЫЗ: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 43, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, 312 каб.Байланыс тел.: 221-13-33 (13-33)+77075628504