Autodesk орталығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы текхнопарктен Autodesk орталығы америкалық Autodesk корпорациясымен екі жақты әріптестік туралы  келісімге қол қойылғаннан кейін бірден ашылды.  Әріптестік аясында  Autodesk ресми курстары ашылды.  

Курстарды тәжірибелі нұсқаушылар жүргізеді. Олар AutoCAD бағдарламасын түрлі салалардағы кәсіпорындарда және мекемелерде қолданады. Сарапшылар пікірінше, курстар архитекторларға, топографтарға, төмен вольтті және лектрлі жүйе мамандарына, сонымен қатар күрделі сызбалармен жұмыс істейтін түрлі мамандарға арналған.

Орталықта AutoCAD  бағдарламасының 6 түрлі курсы ұсынылады. Курсты тәмамдағаннан кейін халықаралық деңгейдегі сертификаттар беріледі.