Касперский зертханасы

ҚазҰУ-да «Касперский зертханасы» (РФ) серіктестігімен Ақпараттық қауіпсіздік орталығы ашылды. Университет лабораториямен білім беру және киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ҚазҰУ-дағы жаңа білім беру ақпараттық орталығы киберқауіптер мен ақпараттық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы үрдістері туралы білім көзі, сондай-ақ Ғаламдық Интернет кеңістігінде кибершабуылдан қорларды қорғаудың бірыңғай жүйесі болады. ҚазҰУ орталығында басқа университеттердің студенттері, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлер оқи алады. Академиялық орта мен қоғамдастықтың IТ-индустриясымен ынтымақтастығы оқу үрдісінің ажырамас бөлігі және ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу қызметін дамыту болып табылады.

«Касперский» зертханасының жұмысы киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіп туралы білім сапасын жақсартуға бағытталған. Компанияның өнімдері халықаралық нарықта сертификатталған және ұсынылған. Бүгінде жаһандық ақпараттандыру қоғамдағы негізгі өзгерістерге алып келеді. Тәуекелдерді болдырмау үшін IТ мамандары ең озық және заманауи бағдарламаларды ұсынады.