СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

16.10.2020

Көрулер: 3173

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті және Алматы қаласы бойынша ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жоғары білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жандандыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарына қол қойды.

 Кешенді жоспар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Н.М. Сапаровтың төрағалығымен өткен диалогтық кездесу барысында талқылауға ұсынылып, оның жұмысына ректорлар қатысты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Ғ. М. Мұтанов, Абай атындағы ҚазҰПУ – Т.О. Балықбаев, ҚазҰПУ – Г. Т. Алдамбергенова, АЭжБУ – С. С. Сағынтаева және басқалары.

 

https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/20658/