СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ҮШІН САРАПШЫЛАР КОНКУРСЫ

09.10.2020

Көрулер: 3215

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің үйлестірушісі болып белгіленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 10-тармағына сәйкес, үйлестіруші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін конкурстық негізде сарапшыларды тартады.

Осыған орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сарапшыларды байқауда іріктеуге, қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға өз үлесін қосуға ниет білдірген барлық азаматтарды шақырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 9 қазан сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен, қажетті құжаттар тізбесімен, сарапшыларды іріктеу кезеңдерімен, тестілеу қағидаларымен және құжаттарды қабылдау орындары туралы ақпаратпен мына жерде танысуға болады:

Байқауға қатысушылардың тізімі.doc