News

"AntiParaCraft-2021" эстафетасы

26.02.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "AntiParaCraft-2021" эстафетаны қабылдап, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп "Zoom" платформасында студенттік квест-ойынын онлайн форматта өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ - ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ ҮШІН!

11.11.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдерімен студенттер мен оқытушылардың онлайн-кездесуі өтті. Парасаттылық қағидаттарын талқылауға және жастарды теріс пиғылды практикаға төзбеушілік рухында тәрбиелеуге арналған кездесу Zoom, Jynalis room платформаларында және «AlFarabiTV» YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

МАҚСАТ – ӘЛЕМНІҢ ТОП 100 ҮЗДІК ЖОО КІРУ

11.11.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінің отырысында жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдастыққа көшу жағдайында университеттің 2025 жылға дейінгі стратегиялық дамуының жаңа бағдарламасы кеңінен талқыланды. Бағдарламаның стратегиялық мақсаты – ҚазҰУ-ды зерттеу университетіне айналдыру және жаһандық рейтингте әлемнің үздік 100 жоғары оқу орнына кіру.

Ары қарай оқу >>

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

16.10.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті және Алматы қаласы бойынша ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жоғары білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жандандыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Ары қарай оқу >>

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ҮШІН САРАПШЫЛАР КОНКУРСЫ

09.10.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің үйлестірушісі болып белгіленді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың "Үздік дебатері"

06.10.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Әйгерім Боранғазы Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» интернет-олимпиадасында, «Үздік дебатер» байқауында жеңіске жетті.

Ары қарай оқу >>

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТЕТІКТЕРІ

05.10.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен "Білім беру саласындағы сыбайлас - жемқорлықтың алдын - алу механизмдері тақырыбында Қазақстан Республикасы сыбайлас - жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің "Саналы ұрпақ" кеңесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлының қатысуымен танымға толы онлайн вебинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Бүгін мен «Праймеризге» қатысушыларға арналған онлайн-дауыс беруге қатыстым.

03.10.2020

 

Бүгін мен «Праймеризге» қатысушыларға арналған онлайн-дауыс беруге қатыстым. Саяси жарысқа еліміздің белсенді азаматтары қатысты. Олардың арасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері мен түлектері бар екенін атап өту жағымды. Азаматтық жауапкершілігі жоғары, жаңа шығармашылық идеялары бар, біздің сүйікті қаламыз Алматы мен жалпы елдің дамуына нақты үлес қосуға қабілетті үздік үміткерлер жеңіске жетеді деп сенемін.
ҚазҰУ проректоры Шолпан Жаманбалаева.
9
Охват (люди)
0
Взаимодействия
 Нравится
 
Комментировать
 
Поделиться

Ары қарай оқу >>

ИСЛАМ ҚАРЖЫСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОО

16.09.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ислам қаржысы саласындағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін «Global Islamic Finance Awards 2020» (GIFA) беделді халықаралық марапатына ие болды. Жетекші қазақстандық жоғары оқу орны «Best Emerging Islamic Finance Education Provider» («Исламдық қаржыландыру бойынша білім беру қызметтерінің үздік дамушы провайдері») номинациясында үздік атанды. Марапатты тапсыру рәсімі Исламабад қаласында (Пәкістан) өтті.

Ары қарай оқу >>