«Жемқорлықтан ада университет» жобасы

Call-center: +7 (727) 377-33-33

 

«Жемқорлықтан ада университет» жобасының мақсаты: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жемқорлыққа қарсы әлеуметтік ортаны қалыптастыру және кез келген төзгісіз жемқорлық құбылыстарына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы технология енгізу

Жобаның әдістемелік негізі:

  • Әлеуметтік әріптестік қағидасына сәйкес студенттер, қызметке қабылдаушылар, оқытушылар және университеттің әкімшілігі, білім беру процесінің барлық қатысушыларының арасында әріптестік ұстанымын енгізу 
  • Жан-жақты және бірізді қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кешенділігі мен жүйелігі

1. Кешенді қызметтің алғашқы жиынтығы - басқару және ұйымдастыру - кадр жұмысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизімін енгізу. 

ҚазҰУ-ға негізделген нәтижелерді басқару үшін (НБ) процесті қадағалау жүйесі енгізілді. Нәтижелерді басқару негізі – университет көрсеткіштерін жақсарту бойынша жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу үшін қажетті нақты индикативті жоспарлау және бақылауОқытушылар мен қызметкерлердің деңгейлік қызметінің ашық және айқын көрінісі енгізілді. Соның негізінде біз еңбек нәтижесіне төлем төлеуге ауыстық.

Жыл сайын оқытушылардың, кафедра меңгерушілерінің және декандардың арасында лауазымды орындарға орналасуға арналған байқау өткізіліп, арнайы комиссия рейтинг нәтижесін негізге алатын болады.

Мұндай жағдайда нәтижелерді басқару арқылы:

  • Қазіргі заманғы менеджментке қажетті және маңызды атрибут үшін ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету,
  • Әрбір қатысушының нәтижелер үшін жауапкершілігін арттыру,
  • Жалпы университеттің, сондай-ақ әрбір бөлім және қызметкер қызметіне бақылау тиімділігін арттыру,
  • Еңбекті бағалаудың анық және нақты тұжырымдарын енгізу және нәтижесі бойынша марапаттау,  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте негізгі шаралардың бірі - оқытушылар мен қызметкерлердің ұжымдық мәдениет кодексін әзірлеу, студенттің ар-намыс кодексін, ҚазҰУ оқытушылары мен студенттеріне арналған ережені жүзеге асыру. Осы құжаттарда маңызды этикалық стандарттарды енгізу, жоғары кәсіби және моральдық стандарттарға ұжымдық адалдықты нығайтуға бағытталғанкез келген әлеуметтік ахуалдың тәжірибесін құруға ықпал ету.

Барлық факультеттерде этикалық комиссия жұмыс жасайды, олар аталған кодекстің орындалуын бақылап, ұжымдық этиканы бұзғаны үшін әлеуметтік және тәртіптік іс-қимыл шараларын әзірлейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара қолдануда ең маңыздысы жауапкершілігі мен қызметі әдеттегі күзет қызметімен салыстырғанда барынша ауқымды жеке құрылым Қауіпсіздік және жедел әрекет ету орталығының құрылуы.

Бұл орталық әлеуметтік, құқықтық, экономикалық, басқа да тәртіп бұзушылықтар, ықтималдық арналардың алдын алу сонық ішінде сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерін болдырмауға бағытталған ұйымдастырылған әрі жедел сипаттағы тұтастай кешенді шараларды жүзеге асырады

Аталған орталықта ахуалдық және ҚазҰУ-дың жедел әрекет тобы қызмет етеді.

2. ҚазҰУ-да тиімді шешімдерді қабылдау үшін әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы өткізген ректордың тұрақты сауалнама Блогы арқылы кері байланыс орнатылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қабылданады. Бұл сауалнамалар төмендегі тақырыптарда:

  • Оқытушы студент көзімен

  • Куратор-эдвайзер студент көзімен

  • Оқытушы әріптестер көзімен

  • Таза сессия

  • Студенттердің әл-ауқаты

  • Білім беру жүйесінің сапасы

Сауалнама нәтижелері Ғылыми кеңесте және ректорат отырысында талқыланды және ОПҚ бос жұмыс орындарға тағайындау байқауын өткізу кезінде ескеріледі.

3. «Жемқорлықтан ада университет» жобасының келесі бөлімі - оқу жүйесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиясын енгізу. ҚазҰУ-да халықаралық стандарттарға сәйкес ақпараттық және оқу интранет жүйесіндегі «Универ» жүйесі құрылған. Университет әкімшілігінің бақылауына барлық жүйе айқын әрі ашық түрде көрсетіліп жасалған. Бұл жерде кез келген пайдаланушы электрондық мерзімнің сапаларынөнімділікті, электронды жазбаларды көре алады әрі орналастырады. Жүйе оқытушылардың журналға балл және баға қоюында мерзімдік шектеу жасайды, күдікті деп танылған журналға қойылған қатысу/нәтижесінің есебін құрады, емтихан билеттерін жүйелеуге ықпалды, емтихан жұмыстарының кілттерін жүзеге асырады, онлайн-тестпен қамтамасыз етеді және де бітіруші түлектерге жұмыстарын «Антиплагиат» жүйесі арқылы өткізіп барып рұқсат береді.

Кеңсе тіркеушісі ұйымының жүзеге асырылған (кафедра немесе факультетіқызметтерін бөледі әрі қамтамасыз етеді және нәтижелерді бақылайды.

Оқу үрдісіне құзыреттілік-өлшемдер тәсілі негізінде білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін жаңа әдістер мен технологиялар енгізілдіБұл оқу жоспарын жасау, пәннің оқу-әдістемелік кешенін құру сатыларында да жүзеге асырылады. Құзыреттілікті игеру білім беру үдерісінің сәйкес ұйымдастырылуын, ағымдағы және қорытынды бақылауды талап етеді. Сондықтан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да емтихан сессияларын ұйымдастыру жаңа форматта жүзеге асты, бұл білімді игеру деңгейі қорытындыларының обьективті және ашық бағалануына мүмкіндік береді.

Ректордың, оқу ісі жөніндегі және әлеуметтік даму жөніндегі проректорлардың, жастар ұйымдарының қатысуымен университетте «Таза сессия» акциясын өткізу және ұйымдастыру бойынша Штабы құрылды.

Емтихан жазбаша және тестендірілген жүйеде өтеді, ал сырттай білім алушылар үшін қашықтан оқыту технологиясы қолданылады. Сынақ емтихан жұмыстарының мақсаттарын жүзеге асыру үшін, сабақ беруші оқытушылардың қатысуынсызжетекші профессорлардан тәуелсіз комиссиялар құру тәжірибесін енгізді. Сол пән бойынша сабақ беретін оқытушылардың қатысуынсыз тәуелсіз комиссия шифрлаудан кейін студенттердің емтихан жұмыстарына тексеру жүргізеді.

Емтихан кезінде бақылау үшін бейне бақылау технологиясы мен мониторниг іске қосылады, бұл онлайн-режимі арқылы студенттердің (ұялы байлыныс құралдарын, дайын жауаптарды, т.с.с. пайдаланбауын) тәртіпті бұзбауын қадағалайды.

Қолмен жасалатын дайын кілттер ғана емес,оның ішінде аталған рұқсатсыз құралдар және жаңа электронды құрылғыларды пайдалану, емтихан жұмысының күшін жоюға әсері бар және тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылады, қанағаттанарлықсыз бағасы қойылады.

Аталған жұмыс жөнінде университеттің Студенттік Балон үдерісі бюросы мен жастар ұйымдарының басшылары қызу жұмыс жасайтын болады әрі ұйымдастырады. Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім арнайы студенттер дайындап, комиссия құрамында болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың емтихан жүріп жатқан кезеңде іштен бақылаушы ретінде де жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Дайын кілтті пайдалану кезінде ұсталып қалған студенттер емтиханнан шығарылып, келесі оқу жылына қайта оқуға қалады. Барлық жоғарыда аталған шаралар студенттердің білімін бағалаудағы субъективті факторды жоюға көмектесуге арналған.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес технологиясының тиімділігінің маңызы салауатты, әлеуметтік орта қалыптастыру болып табыладыКөшірме сияқты құбылыстар ғана емес, сол секілді алдаупара берубопсалау, қысым көрсету және т.б, ортаны қалыптастыруға жол бермеу.

Бұл жерде әлеуметтік тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын, студенттердің ортасында тек объективті тәрбие деңгейі емес, сонымен қатар субъективті теңдік барлық білім жүйесінде сақталатынын айта кету керек.

Бұл байланыста біз куратор-эдвайзерлер институтына үлкен мән береміз, олардың атқаратын қызметі – студенттерді қолдауға арналған әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады.

Әрбір куратордың өз қызметі бар: әр студентке бару, олардың ортасын анықтау, оның мәселесіне керек кезде педагогикалық және психологиялық көмек көрсету. Студенттер мен кураторлар арасындағы ашық және сенімді қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық климатын жақсартуға ықпал ету. Ол адамгершілік және моральдік ортаны жасауға ықпал етеді.

ҚазҰУ-да студенттік ортадағы партиоттық сезімді дамытуға, еңбек және құқықтық тәрбиені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға бағытталған азаматтық тәрбие бағдарламасы жасалды және белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Біз студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына әлеуметтік әріптес ретінде көп көңіл бөлеміз және оларды шешім қабылдау үдерістеріне араластырамыз.

Жатақханаға орналастыру/шығару, құқық қорғау және  оқу процесінің сапасын тексеру, мониторинг және бағалау сияқты маңызды мәселелерді шешуде студенттердің өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтілді. Бұл тәжірибе біздің студенттердің өзін-өзі басқаруды сезінуге сонымен қатар әкімшілік, факультет және университеттің басқа қызметкерлерімен оқу жүйесінің нәтижелері үшін жауапкершілік сезімін бөлісуге мүмкіндік береді.

Тұрақты салауатты және шығармашылық әлеуметтік ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйе өзінің жемісін береді.

Біздің студенттер ең биік деңгейдегі көрсеткіштерімен оқуда, ғылыми зерттеулерде, олимпиада ойындарында алдыңғы орыннан табылып, ғылыми жарыстарда, спорттық додаларда кқш бастап жүр. Жеткен жетістіктер жыл сайын МЖӘ-де тіркеліп, біздің тек ұлттық деңгейдегі көшбасшы емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде беделге екенімізді дәлеледейді. Алғаш рет қазақстандық университет - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы 16 орынға алға шықты. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ).

Осылайша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЖОО-ларды сыбайлас жемқорлықтан ада университетке айналдыру қозғалысы бастау алды, өз кезегінде ҚР университеттері арасында таралуы мүмкін оң және табысты тәжірибесі қаланды.