Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Еңбек шартын тоқтатуды рәсімдеу қалай іске асырылады?

Жауап: еңбек шартының тоқтатылуы, барлық жағдайларда, ҚР ЕК-не сәйкес келесі талаптарды сақтау тәртібінде іске асырылады: 1) еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың көшірмесімен 3 күн ішінде қызметкер таныстырылуы тиіс. Тікелей таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, почталық қызмет арқылы хабарлама қызметкерге жіберілуге тиіс (ҚР ЕК-нің 62-бабының 4-тармағы).

Сұрақ: еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге еңбек кітапшасы қалай табыс етіледі, не қандай жағдайда еңбек кітапшасы ұсталынып қалынады?

Жауап: ҚР ЕК-нің 63-бабына сәйкес жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын беруге міндетті. Егерде еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын беру мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс беруші, 10 жұмыс күн ішінде қызметкерге еңбек кітапшасын алуға келу туралы пошталық қызмет арқылы хабарламаны жіберуге міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1167 Қаулысымен бекітілген Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау туралы Ережесінің 24-тармағының 2-бөлігіне сәйкес, еңбек шарты бұзылған жағдайда, қызметкер еңбек кітапшасын алатын кезде ол кадр бөлімінде арнайы жүргізілетін есепке алу кітабына қолын қояды, өйткені еңбек кітапшасы жеке, персоналды құжат болып саналады.

Аталмыш Ереженің 25-тармағына сәйкес, еңбек шарты тоқтатылған кезде қызметкерлермен алынбаған еңбек кітапшалары ұйымның кадр қызметінде (қалған еңбек кітапшаларынан бөлек) екі жыл бойы сақталады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін талап етілмеген еңбек кітапшалары ұйымның мұрағатында елу жыл бойы сақталады, содан кейін оларды жұмыс беруші жоюға тиіс.