АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ

  1. Университеттің білім беру қызметін дамытудың стратегиялық басымдықтарын айқындайды және білім, ғылым және инновациялардың бірігуін қамтамасыз етеді.
  2. Университеттің академиялық саясатын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша факультеттер (мектеп) мен құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.
  3. Университеттің білім беру бағдарламаларының портфелін және тұрақты өзектендірілуін қалыптастырады. Стейкхолдерлердің білім беру бағдарламаларын жобалауға және сараптауға қатысуын қамтамасыз етеді.
  4. Кадрлық әлеуетті қалыптастыруға және дамытуға қатысады.
  5. Пәндерді оқыту мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін әзірлейді.
  6. Білім алушылар контингентін қалыптастыру процесін үйлестіреді және кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады.
  7. Кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша факультеттердің (мектептердің) қызметін үйлестіреді.
  8. Академиялық қызмет мәселелері бойынша факультеттердің (мектептердің) алқалы органдарының, комиссияларының және авторлық ұжымдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Республикалық деңгейдегі алқалы органдарда, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен және басқа ұйымдармен бірлесе отырып Университеттің ұстанымын білдіреді.
  9. Оқу процесін ұйымдастыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарды анықтайды.
  10. Оқу процесін жоспарлауды, ұйымдастыруды, үйлестіруді және мониторингті қамтамасыз етеді.
  11. Оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында білім беру процесіне академиялық және цифрлық инновацияларды енгізуді ұйымдастырады.
  12. Құжат айналымы және деректерді талдау негізінде білім алушылар контингентінің қозғалысын тұрақты есепке алуды және мониторингілеуді жүргізеді.
  13. Білім алушыларды білім беру процесіне тарту, оқуға қабылдау және бағдарлау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
  14. Республикалық оқу-әдістемелік кеңес деңгейінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік мәселелер бойынша консультативтік-кеңес беру қызметін ұйымдастырады.

 

Академиялық мәселелер бойынша департамент кеңселерінің қызметі Болон реформаларының негізгі қағидаттарына және кредиттік оқыту жүйесінің негізгі артықшылықтарын дамытуға сәйкес жүзеге асырылады.