Оқу әдістемелік бірлестік

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы оқу-әдістемелік бірлестігі (әрі қарай ОӘБ) ҚР бірнеше жоғары оқу орындарының жанындағы Білім және ғылым министрлігі құрған консультативтік-кеңесші жұмыс органы болып табылады (ҚР Білім және ғылым министрінің «Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2018 жылғы 12 қазандағы № 562 бұйрығы негізінде).

ОӘБ қызметін басқаруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі жүзеге асырады.

ОӘБ төрағасы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, орынбасары – оқу ісі жөніндегі проректор. Іс қағаздарын ғалым хатшы жүргізеді.

ОӘБ құрамына кадрларды даярлаудың жетекшілік ететін бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын барлық қазақстандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, жұмыс берушілер, "Атамекен" ҰКП, Назарбаев университетінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

ОӘБ кадрларды даярлаудың 9 бағыты бойынша ҚР ЖОО-на оқу-әдістемелік қолдау көрсетеді:

- 022 «Гуманитарлық ғылымдар»

- 023 «Тілдер және әдебиет»

- 031 «Әлеуметтік ғылымдар»

- 041 «Бизнес және басқару»

- 051 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар»

- 052 «Қоршаған орта»

- 053 «Физикалық және химиялық ғылымдар»

- 054 «Математика және статистика»

- 071 «Инженерия және инженерлік Іс»

ОӘБ қызметтері:

- әлемдік білім беру кеңістігінде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту стратегиясын қалыптастыруға қатысу;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында ҚР жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен, мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығымен, ұлттық тестілеу орталығымен, «Оқулық» РҒПО өзара іс - қимылын жүзеге асыру;

- еуропалық, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлеріне, кәсіби стандарттар мен отандық және шетелдік еңбек нарықтарының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

- кадрларды даярлаудың жетекшілік ететін бағыттары бойынша профессорлық-оқытушылық құраммен, оқу-әдістемелік әдебиетпен, электрондық деректер базасымен және басқа да қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу;

- жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімі бар кадрларды даярлаудың жетекшілік ететін бағыттары бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерді рецензиялауды ұйымдастыру;

- ҚР ЖОО-на түсу форматын, ҰБТ, КТ, ОЖСБ бейіндік пәндерін анықтау.

 

ОӘБ ғалым хатшысы: ф.ғ.д., профессор Сырғақбаева Ақмарал Сәлімжанқызы

ОӘБ қызметкерлері: Телғараева Лаура Бердіғұлқызы

                                  Карканова Айгүл Жолдыбайқызы

 

 Кадрларды даярлау бағытты бойынша ТБҚМ.pdf