«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы

 


ҚР Азаматтық Кодексі және ҚР Конституциясы негізінде азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіби ортақ қызығушылықтары мен еркін ерік білдіру негізінде құрылған «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы ерікті, дербес, тәуелсіз, бекітілген және жеке мүшелігі бар үкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады.

Кәсіподақ 1999 жылы 14 сәуірде құрылды. Кәсіподақтың негізгі мақсаты – ҚР заңдарына сәйкес ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығын қорғау.

 


«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының қоғамдық бірлестігі

ҚР Азаматтық Кодексі және ҚР Конституциясы негізінде азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіби ортақ қызығушылықтары мен еркін ерік білдіру негізінде құрылған «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы ерікті, дербес, тәуелсіз, бекітілген және жеке мүшелігі бар үкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады.

Кәсіподақ 1999 жылы 14 сәуірде Дәурен Әскербекұлы Абаевтың бастамасымен құрылды.

Студенттер мен магистранттар кәсіподағының мақсаттары мен атқаратын қызмет түрлері: 

- Қазақстан Республикасының бекітілген Заңына сәйкес ұйымдасқан қорғау мен ұсыным негізінде өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен қызығушылықтарын ұйымдасып қорғау, жағдайды жақсарту, мүшелерінің еңбегі мен денсаулығын қорғау, бірігіп әрекет етіп:

- қарастырылған Заңға сәйкес стипендиялар мен жәрдемақылардың уақытылы түсуін қамтамасыз ету;

- еңбек етуге, оқуға қауіпсіз жағдайлар жасау;

- шығармашылық еңбек ету мен оқуға жағдай жасау;

- медициналық көмек көрсету, емделу және демалуға, тұрмыстық-үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік жасау және т.б;

- жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету.

Студенттер мен магистранттар кәсіподағына мүше болу.

Кәсіподақ мүшесі болып кез келген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алатын Жарғыны және оның барлық талаптарын қабылдаған азамат бола алады.

Студенттік кәсіподақ мүшесі келесі құқықтарға ие:

- шығармашылық және рухани еркіндікке;

- Студенттік кәсіподақ құзырлығындағы барлық шығармашылық, заңгерлік және әлеуметтік көмектерді алуға;

- бекітілген тәртіпте санаторлық-курорттық немесе басқа да емдік-сауықтыру мекемелеріне жолдама алуға;

- кәсіподақ өткізетін барлық қоғамдық іс-шараларға қатысуға.  

Әлеуметтік қызметтер түрлері

Студенттер мәселесі

Құжаттар тізімі (көшірме түрінде)

Көмек түрлері

1

Мүмкіндігі шектеулі студенттер

Өтініш;

Жеке куәлік;

Студенттік билет;

Мүгедектік туралы анықтама (Нотариалды куәландырылған);

Мекенжай анықтамасы.

Бір реттік әлеуметтік көмек

2

Балалы студенттер

Өтініш;

Жеке куәлік;

Студенттік билет;

Баласының туу туралы куәлігі;

Некеге тұру куәлігі (Нотариалды куәландырылған);

Мекенжай анықтамасы.

 Бір реттік«Жаңа жылдық» сыйлық 

3

Көпбалалы отбасыларынан шыққан студенттер

Өтініш;

Жеке куәлік;

Студенттік билет;

Барлық баланың туу туралы куәліктері;

Барлық баланың мекенжай анықтамасы.

Бір реттік әлеуметтік көмек

4

Асқазаны және қант диабетімен ауыратын студенттер

Өтініш;

Жеке куәлік;

Студенттік билет;

Студент емханасынан анықтама (ҚазҰУ-дың медпунктімен куәландырылған);

Мекенжай анықтамасы.

ҚазҰУ-дың белгілі тамақтандыру орындары үшін 15 талон

5

Ата-анасының біреуі жоқ студенттер

Өтініш;

Жеке куәлік;

Студенттік билет;

Туу туралы куәлік;

Әкесінің немесе анасының қайтыс болғаны туралы куәлік;

Мекенжай анықтамасы.

Бір реттік әлеуметтік көмек

6

 

 

 

 

 

 

 

Ата-анасының екеуі де жоқ студенттер

Өтініш;

Жеке куәлік;

Студенттік билет;

Туу туралы куәлік;

Ата-анасының қайтыс болу туралы куәлігі (Нотариалды куәләндырылған);

Қамқоршылық туралы куәлік (Нотариалды куәләндырылған);

Мекенжай анықтамасы.

Бұйрық бойынша ай сайынғы әлеуметтік көмек;

Жатақханада тегін тұруға құқылы

ҚазҰУ-дың белгілі тамақтандыру орындары үшін 15 талон

7 Ата-анасының некесі бұзылған студенттер

Өтініш;

Жеке куәлік;

Студенттік билет;

Туу туралы куәлік;

Ата-анасының ажырасқандағы туралы куәлік (Нотариалды куәләндырылған);

Мекенжай анықтамасы.

Бір реттік әлеуметтік көмек