Ғылым мен білімнің ықпалдасуы
Ғылым және білім интеграциясы
Ғылым және білім интеграциясы жобасы РМК «Ғылым ордасы» базасында ҚР БҒМ ҒК ҒЗИ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің магистранттар мен PhD докторанттарын дайындау бойынша бірлескен оқу бағдарламасының негізінде іске асырылады.
Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры.
Жобаға қатысушылар:
ҚР БҒМ ҒК ғылыми-зерттеу институттары:
1. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты;
2. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты;
3. Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты;
4. Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты;
5. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты;
6. Математика және математикалық модельдеу институты;
7. Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты;
8. Философия, саясаттану және дінтану институты;
9. Экономика институты;
10. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Факультеттер):
1. Шығыстану;
2. Экономика және бизнес жоғары мектебі;
3. Тарих, археология және этнология;
4. Халықаралық қатынастар;
5. Механикалық-математикалық;
6. Филология және әлем тілдері;
7. Философия және саясаттану.
«Ғылым ордасындағы» жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы (Ғылыми кадрларды даярлау орталығы) ғылыми-зерттеу институттары мен ҚазҰУ өзара байланыстырушы, ҒЗИ оқытушы-профессорлық құрамымен барлық ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметті атқарушы және оқу процесін ұйымдастырушы қызметін атқарады. Орталық ««Ғылым ордасы» базасында ҒЗИ-мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп ғылыми кадрларды даярлау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 21 мамыр 2014 жылғы № 166 бұйрығымен бекітілген «Жол картасына» сәйкес «Ғылым ордасы» кешенінде құрылған.