Академиялық кеңес кеңес

АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС

 Кеңес қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, Қазақстан Республикасының Жоғары білім берудің ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға, жұмыс берушілердің талаптарына және білім алушылардың үміттеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру негізінде білім беру процесінің сапасын арттыру.

 Кеңес қызметінің негізгі міндеттері:

  1.  білім беру бағдарламаларының сапасын, білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді мониторингтеу; 
  2. академиялық және ғылыми-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары бойынша комитеттер мен комиссиялар құру, олардың қызметін бақылау;
  3. әзірлеу, қарау және бекіту:
  • Университеттің академиялық және стратегиялық даму тұжырымдамасына қатысты ұсыныстар;
  • білім беру процесінің мазмұнын, ұйымдастырылуын және әдістемелік қамтамасыз етілуін реттейтін өкімдік және нормативтік құжаттамалар;
  • мамандарды дайындау сапасын бақылау және бағалау бойынша анықтамалық, есептік және басқа да құжаттарды басшылыққа, Университеттің Ғылыми Кеңесіне ұсыну, сондай-ақ университет қызметінің көрсеткіштері туралы есептік құжаттарды дайындау;
  •  білім беруді дамыту және оны іске асырудағы басым бағыттарды қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар;
  • Университеттің жұмыс тәжірибесіне инновациялық білім беру технологияларын, оқыту формалары мен әдістерін енгізу бойынша ұсыныстар.

Кеңес өз қызметі бойынша Университеттің Ғылыми Кеңесіне есеп береді.