"Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығы

ЦОСказ26012015

«Аl-Farabi university smart city» «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – оқу-ағартушылық, медициналық, заңгерлік, қаржылық және мәдени-көңіл-көтеру қызметтерін бір терезе қағидасы бойынша ұсынушы студенттерге арналған жастар ресурсты орталығы.

Орталықтың инфрақұрылымы 7300 шаршы м. орналасқан және 8 павильоннан және 5 сектор мен бөлімдерден тұрады.

Көпфункциональдық секторлардың бірі «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс атқаратын оқу секторы. Мұнда студенттер мен оқытушы-профессор құрамы үшін келесі бөлімдер қызмет ұсынады: студенттік, халықаралық, тіркеуші кеңсесі, паспорт үстелі және қаржы қызметі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушы-профессорлық құрамын медициналық тексеру үшін халықаралық Қазақстан-Корея диагностикалық орталығы ашылған. Емдеу мен кеңес беруді терапевт, бала дәрігері, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог, уролог, акушер-гинеколог, гастроэнтеролог, кардиолог, сынықшы-ортопед дәрігерлер жүргізеді.

Университетті аяқтағаннан кейін де студенттер еңбекпен қамту туралы мәселелер бойынша «Керемет» СҚКО-ң әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық секторы мамандарының қолдауына ие бола алады. Еңбекпен қамту қызметімен қатар банк, нотариус, туристік фирма, әуе және теміржол кассалары әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық секторда өз қызметтерін ұсынады.

Орталықтың назарынан жастар саясатынан да тыс қалмаған. Студенттік қоғамдық ұйымдар жастар секторында өз бастарын біріктірген.

Бос уақыттарында студенттер көңіл-көтеру секторының қызметтерін пайдалана алады. Бұл сектор бойынша келесі нысандар өз қызметтерін ұсынады: кинотеатр, кафе, кітап дүкені, әмбебап дүкен, фотостудия, fast-food, сұлулық салоны, киім жуатын орын.

"Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығына қош келдіңіздер!