Хабарландырулар және ғылымдағы оқиғалар

Ынтымақтастық көкжиегін дамыту

09.06.2023

2023 жылдың 7 маусымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ресейдің тұңғыш президенті Б.Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің делегациясымен кездесу өтті.

Бұл кездесу ҚазҰУ-дың әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі факультет басшыларының қатысуымен Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің базасында өтті. Университеттің ғылым саласындағы жетістіктері туралы департамент басшысы Жолдас Алладинұлы Бөрібаев айтып берді.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ-ДА «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

11.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жабылуы өтті.

Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының Президенті Арман Қашқынбеков, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен жас ғалымдар қатысты.

Ары қарай оқу >>

СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫ

24.03.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базалық ЖОО ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 2023 жылдың 15 наурызындағы №06-2/83-вн хатына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайын өткізілетін республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы байқауының 2 айналымы туралы хабарлайды.

Ары қарай оқу >>

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМ

20.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық ұйымдармен, орталықтармен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, жетекші ғылыми орталықтармен бірлесіп II Халықаралық Фараби Форум өткізеді

Ары қарай оқу >>

«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

20.02.2023

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 2023 жылдың сәуір айының 6-8 күндері аралығында өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>