Ғылыми-зерттеу қызметі

Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі әлеуметтік-табиғи ортадағы және әлем туралы білімді толықтыру үшін объективті бар құбылыс заңдылықтары мен үдерістерді анықтауға бағытталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу қызметі зерттеушілік жобалар, шаруашылық келісімдер және ғылым кеңістігі мен халықаралық және аймақтық білім алаңдарында баяндамалар мен жарияланымдар түрінде зияткерлік жекеменшік нәтижелерін іске асыру бойынша жүзеге асырылады.

Ғылыми-зерттеу қызметінің ең бір маңызды бағыты ғылыми-техникалық ілгерілеуге қол жеткізудің тәжірибелік қызметіне шығармашылық қабілетті қолданатын жоғары білімді мамандарды даярлау сапасын арттыратын әлеуетті ықпал саналатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

Іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулер сапасын арттыру университет беделін жақсартуға және оның рейтингін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Ғылыми-зерттеу қызметінің саясаты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының ортасына қосылу үшін жоғары әлемдік білім беру кеңістігінде бірігуі, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту, оларды өндіріске ендіру, білікті мамандарды даярлау бойынша жеткілікті білім беру, ғылыми-зерттеу, инновациялық және өндірістік потенциалы бар университет. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басым міндеттерінің бірі - жаңа білімнің трансферті саналатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аясында әлемдік топтағы заманауи ғылыми зерттеулерді жүргізу ең үздік ғылыми университеттермен бәсекелесуге мүмкіндік береді. Бұған ары қарай заманауи нарық шарттарына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, зерттеуде жоғары стандарттарға сәйкес келу мүмкіндігі бар университетіміздегі ғылыми бағыттарды жетілдіру болып табылады.

Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет тиімділігі нысаналы қаржыландыру көлемімен және ғылыми-техникалық жобаларды орындау санымен анықталуы қажет. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекеттік, гранттық қаржыландырудан тыс,  бизнес ұйымдарымен және өнеркәсіппен бірлескен зерттеулер жүргізілуде. Университет серіктестерімен бірге жұмыс жасау  жаңа қаржыландыру көзін толықтай пайдалануға мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-зерттеу саясатының тағы бір міндеті - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын жоғары білікті ғылыми және оқытушы мамандарды даярлау болып табылады. Университетімізде жаңа білімді қалыптастырудың негізі ретінде іргелі зерттеулерді дамыту, бәсекеге қабілетті коммерциялық зерттемелермен іргелі және қолданбалы зерттеулерді үйлестіру, жаңа технологияларды үйрену, маңызды ғылым бағыттарына арналған ғылыми мектептерді сақтап қалу және дамыту, ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру мен білім беру жүйесінде инновациялық белсенділікті жоғарылататын инновация саласындағы техникалық және ғылыми мамандарды даярлауға көп көңіл бөлінеді.