«Философия: Ғылым және өмірлік миссия»

12.10.2022

Көрулер: 2020

2022 жылдың 14 қазан күні Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы, дінтану және мәдениеттану кафедрасы және әл-Фараби орталығы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстандық философиялық конгресстің бірлесіп ұйымдастыруымен, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлының 65 жылдығына арналған «Философия: Ғылым және өмірлік миссия» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты, түркі және қазақ философиясының дәстүрлерін саралауға, әлемдік философия тарихы мен заманауи философиялық зерттеулердегі жаңаша көзқарастарды анықтауға, Қазақстан Республикасындағы этно-діни идентификация мәселелерін зерделеуге бағытталған.

Офлайн және онлайн форматта өтетін алқалы жиынға алыс-жақын шетел және түркі елдері ғалымдары, еліміздің гуманитарлық сала ғалымдары, сарапшылары қатысады.

 

Атап айтқанда, Анкара Хажы Байрам Вели университеті славян тілдері мен әдебиеті кафедрасының профессоры Зейнеп Бағлан Өзер, тарих ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының профессоры Алтайы Оразбаева, философия ғылымының докторы, Белорус мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры Марина Можейко, философия ғылымының докторы, Ош мемлекеттік университеті Халықаралық білім беру бағдарламаларының жоғарғы мектебі аймақтану кафедрасының профессоры Эркайым Шарипова, философия ғылымының докторы, Қырғыз-Түрік Манас университетінің профессоры Жылдыз Урмамбетова, PhD, Низами Гәнжәуи атындағы Әзірбайжан ұлттық әдебиеті музейінің баспасөз және ақпарат құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі Назмия Йигитоглу, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры Серік Нұрмұратов, тарих ғылымының докторы, профессор, Ресей Ғылым Академиясы Археология институты ортағасырлық археология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, Игорь Кызласов, философия ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Тұрсын Ғабитов, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымының докторы, профессор, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы директорының орынбасары Раушан Әбділдина, философия ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Гүлжихан Нұрышева, философия ғылымының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы профессоры Сабина Аязбекова және т.б. ғалымдар қатысып сөз сөйлейді.

Осы орайлы сәтте Сіздерге зор құрметімізді білдіріп, алқалы жиынымызға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдары бойынша қатысушылардың мақалалар жинағы шығарылады.

 

 

 

Өтетін орны:

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/27

Әл-Фараби Ғылыми кітапханасы

409 зал

БАСТАЛУЫ: сағат 11:00

Ұйымдастырушы:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы, дінтану және мәдениеттану кафедрасы және әл-Фараби орталығы, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстандық философиялық конгресс.

 

8 (727) 377 33 30 (17-59); + 7 (777) 5298770; + 7 (777)9480909; + 7 (707) 8146390 Философия кафедрасы.