Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде инженерлік педагогикасы саласында конференция өтеді.

06.09.2022

Көрулер: 2082

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Инженерлік педагогика және ENTER желісі – жетістіктер мен мүмкіндіктер» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Ғылыми форум Қазақ Ұлттық университетінде ағымдағы жылдың қыркүйегінің 6-сы мен 9-ы аралығында Португалия (Политехникалық институт, Порто қ-сы), Эстония (Таллин техникалық университеті, Таллин қ-сы), Словакия (Дубница технологиялық инcтитуты, Дубница-над-Вагом қ-сы) және Казахстан (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті) жоғары оқу орындарының өкілдері мен AIOR және KazSEE халықаралық ұйымдарының қатысуымен өтеді.

Жалпы ENTER жобасының басты мақсаты – инженерлік бағытта сабақ беретін оқытушылардың біліктілігін арттыратын 3 деңгейлі оқыту бағдарламасын сандық оқытуға негіздеп құрастырып, іске асыру болатын.

Нысаны – жаңа мульти-мәдениетті және халықаралық көзқарасты формалды жоғары оқу орынды бітіргеннен кейінгі инженерлерді даярлайтын оөытушыларға кәсіптік-педагогикалық білім беру саласына еңгізу.

Бұл көзқарас максималды түрде электронды оқытуды қолдану технологияларына бағытталып, еңбек нарығы мен инженерлік салада бідім бертін жоғары оқу орындарының қажеттіліктерін саралауға негізделген.

Жоба 2018 жылының қарашасында басталып, 2021 жылы аяқталу керек болған. Алайда, пандемия салдарынан бір жылға, яғни 2022 жылға дейін создырылды. Бүгінгі таңда жоба алдына қойылған мақсаттар мен міндеттері толығымен орындалды.

6-9 қыркүйекте өтетін соңғы конференция отырысында жоба жетістіктері мен нәтижелері баяндалады.

Форумда «Ғарыш саласында білім беру-Қазақстандағы инженерлік педагогиканың маңызды құрамдас бөлігі», «Мәселелік оқыту: инженерлік студенттермен тәжірибе», «Инженерлік мамандарды даярлауда жобалық оқыту әдісін қолдану», « Техникалық мамандыққа арналған атомдық физика және спектроскопия пәніндегі кейстік оқыту» сияқты өзекті міселелер талқыланып, баяндамалар жасалады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі