«Яссауия: ғылым аясында сопылық дәстүрлер»

07.07.2022

Көрулер: 2569

Түркістан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен Түркістан қаласында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу мен насихаттауға арналған фестиваль өткізуді жоспарлап отыр. Фестиваль аясында «Яссауия: ғылым аясында сопылық дәстүрлер» атты халықаралық ғылыми конференция және басқа да бірқатар мәдени-туристік іс-шаралар өтеді.

Осыған орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында 31.05.2022 және 07.05.2022 ж. төмендегі халықаралық және республикалық ғылыми-ағартушылық сипаттағы іс-шаралар өткізілді:

- 22-30.06.2022 «ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ» вебинар сериясы.

- 14-21.06.2022 «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЖА АХМЕД ЙАССАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДӘСТҮР» республикалық дөңгелек үстелі

- 05.07.2022 «ОРТА АЗИЯ ТҮРКІЛЕРІНІҢ ӘЛЕМ ӨРКЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ» халықаралық онлайн конференциясы.

Осыған қоса, Әл-Фараби орталығының ғылыми қызметкері, мәдениеттану ғылымының докторанты Өсербаев Елдос 06.08.2022 ж.-10.09.2022 жылы Чанкыры қаласында (Түркия) өткен 1-ші Халықаралық түркологиялық конгресске қатысты. Жас ғалым «Орталық Азия түркілерінің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты баяндама жасап, қазақ мәдениеті, оның түркі әлеміндегі рөлі туралы зерттеулерін көпшілікпен бөлісті.

Негізгі ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы және әл-Фараби орталығы.

Отандық және шетелдік серіктестеріміз: ҚР БҒМ ҒК М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Қазақстан); Хаджеттепе университеті, Чанкыры Каратекин университеті, Түркологиялық институт (Түркия), Мирзо Улугбек атындағы Ұлттық университет (Өзбекстан).

Трансляциялардың жазбалары мен қосымша ақпаратты Әл-Фараби орталығының YouTube каналынан https://www.youtube.com/c/AlFarabiCenter және әл-Фараби орталығының сайтынан көруге болады https://al-farabi.kaznu.kz/

 

Байланыс:

Адрес: Әл-Фараби кітапханасы, әл-Фараби даңғ, 71/27

Телефон: 8 (727) 377-33-33 (1698), 8 (727) 377-33-33 (1397)

E-mail: al-farabi@kaznu.edu.kz