«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты IX Халықаралық студенттік форум өтеді

20.04.2022

Көрулер: 2504

 2022 жылғы 21-22 сәуірде сағат 10.00-де «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты IX Халықаралық студенттік форум өтеді.

Форумның мақсаты жастардың өзін, басқару ұйымдарының өкілдерін, ғылым, білім беру, бизнес ұйымдары өкілдерін, Қазақстанның барлық өңірлерінің қалың жұртшылығының назарын экожүйелерді қорғау мен қалпына келтіруге, климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресуге, қоқыс қалдықтарымен «жасыл» жұмыс істеуге және жалпы еліміздің және әлемнің тұрақты дамуына көңіл аударту болып табылады.

Іс-шараға жер және қоршаған орта туралы ғылымдар саласындағы жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар, студенттер шақырылады.

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Форумның ашылуы «Абай залында» (каб. 308) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ кампусы мекенжайы бойынша.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: география және табиғатты пайдалану факультеті.