Ішкі академиялық ұтқырлық

Ішкі (қазақстанаралық) академиялық ұтқырлық – бұл нақты академиялық мезгіл ішінде білім алушының, оқытушы-зерттеушілердің ауысып немесе зерттеу жүргізуі: Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына бір семестрге немесе бір оқу жылына міндетті түрде кредиттерді қайта санау негізінде білім алу бағдарламасы бойынша өз оқу орнында немесе басқа оқу орнында білімін жалғастыру болып табылады.

Ішкі академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуді академиялық мәселелер бойынша Департаменттің оқу үдерісі бөлімі (Бағдарлама үйлестірушісі-ОБ) жүзеге асырады.

Білім алушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бекітілген бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.Үйлестіруші -Садықбекова Майра Нұрмагамбетқызы 8(727)3773331 вн.1153